Бейресми дерек көздерінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 43 млрд. тоннаға жуық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жинақталса, оның тек 5 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Елімізде қоқыс көп бола тұра, қоқыс өңдейтін зауыттар өндіріске жарамды шикізат таппай отыр дегенге сену қиын, бірақ бұл – шындық. Елімізде қалдықтарды сұрыптап жинау мәдениетінің жолға қойылмауы экологиялық әрі экономикалық ахуалға кері ықпалын тигізіп отыр. Әзірге республикамыздың түкпір-түкпірінде қоқыс полигондарын салып, қалдықтарды тау етіп үйгеннен әрі аса алмай отырмыз. Жердің өлшеулі екенін, ал кейбір қалдықтардың шіріндіге айналуы үшін жүздеген жылдар кететінін ескермейтініміз өкінішті-ақ... Әлемдік тәжірибеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу қалай қалыптасқан? Мысалы, Швецияда қоқыс қалдықтары электр қуаты ретінде пайдаланылса, әлемнің ең таза елінің бірі саналатын Сингапурда қоқыстардың 90 пайызы қайта өңделеді. Дамыған елдердің бірқатарында қоқыс қалдықтарын қайта іске жарату экономика дамуының қозғаушы күшіне айналып, қаншама адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мысалы, Германияда күл- қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, ал Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады. Әсіресе, Үндістанның 14 миллион тұрғыны бар Мумбай қаласында шығарылған қоқысты пайдаға асыруға жергілікті тұрғындар аянбай атсалысып, тұрақты кәсіп еткен. Ал біздің елде қалдықты сұрыптап, жаңа өнімдер алу әлі күнге дейін табыс көзіне айналмай отыр.
1. Мәтіннен сөз тіркесінің байланысу түрлеріне мысалдар жазыңыз.

(Әрқайсысына 2 мысалдан)
Қиысу-

Қабасу-

Матасу-

Меңгеру-

Жанасу-

Жазылым-

nkarakulina nkarakulina    3   17.03.2021 17:14    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi