бет 4-тапсырма. Мәтінге 7 сұрақ құрастыр.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда Қостанай облысы "Сартүбек"деген жерде дүниеге келген.Әкесі-Байтұрсын Шошақұлы ел арасында беделді,қайратты кісі болған.Табиғатынан аса дарынды туған бала-Ахмет 1882-1884 жылдары өз бетінше хат танып,содан кейін ауыл мектебінде сауат ашады.1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепке,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары бала оқытады. 1905 жылдан саясатқа араласты. Ол жер мәселесі жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға айдалады
1910 жылы Орынбор қаласына жер аударылады. 1909 жылы "қырық мысал" жинағын шығарды. "Маса" жинағы А. Байтұрсынұлының ағартушылық, демократтық, гуманистiк идеялары халыққа жеткiзедi. 1913 жылдан 1918 жылға дейiн М. Дулатовпен бiрге "қазақ" газетiн шығарады. Саяси мақалалары үшiн А. Байтұрсынұлы бiрнеше рет түрмеге жабылады. Патша тақтан түскен соң Ахмет қазақ зиялыларымен, ақсүйек тұлғалармен бiрiгiп, "Алаш" партиясын құрады. Ғалым-|| жалпықазақ съездiнде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. Ахмет Байтұрсынұлы 1929-1937 жылдары екi рет саяси репрессияға iлiгiп, 1938 жылы жазықсыз атылды.

Маринка200711 Маринка200711    1   13.01.2021 20:34    1

Ответы
Треугольник228 Треугольник228  12.02.2021 20:35

Ахмет Байтұрсынұлы қай жылдары сауатын ашты?

Қай жылы жазықсыз атылды?

"Алаш" партиясын кімдермен бірігіп құрды?

қай жылдары абақтыға қамалды?

1895-1909 жылы не істеді?

қай жылы саясатқа араласты?

неше рет саяси репрессияға ілікті

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ