Бесикке салу шидехана ат кою тусаукесер расимдери туралы акпарат

nastyaorinozl1jy nastyaorinozl1jy    3   30.09.2019 07:30    1

Ответы
Loi00 Loi00  09.10.2020 04:56
Шілдехана – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Бұл тойды біз күнделікті өмірде де көріп, көркем әдебиеттен де оқып, біліп жүрміз. Шілдеханаға тән ерекшеліктердің бірі – бұл тойға қуаныш иесінің жора-жолдастары шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Бұл тойда «Балаңыздың бауы берік болсын!» деген құттықтау айтылады. «Негізінен  шілдехана үй иесінің жағдайына қарай үш күнге созылады. Шілдеханаға келген қонақтар таң атқанша жаңа туған нәрестені, оның анасын ардақтап ән салып, домбыра тартып, ойын-сауық ұйымдастырады. Шілдехана кешінде жиі айтылатын әннің бірі – «Бөбек».
Бесік той бала қырқынан шыққасын жасалынады. Ал бүгіндері бұл мереке ба­ла қырқынан шыққан күні де өткізіліп жүр. Бесік той­ға нәрестенің өз жұрты, на­ғашы жұрты, алыс-жақын аға­йындары, көрші-қолаң, ет­жақын достар жиналады. Қо­нақтар өздерінің шамасына қарай сыйлық, пұл және тойдың шашуы ретінде тәтті-тұрым ала келеді. Үлкен кісілер той дастарқанына отырмас бұрын ақ батасын береді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi