Бесік жырын айту казыргы казак дәстүрінде барма

kapyringeorgy kapyringeorgy    3   20.10.2020 03:40    2

Ответы
zentronys zentronys  19.11.2020 03:40

Нәресте шыр етіп дүниеге келгенінен кейін алғаш еститін әуені – бесік жыры. Қазақ халқы «сәбидің мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны ерекше» деп қараған. Тәрбиеге тигізер пайдасы да ұшан-теңіз деп білген. Бала бойынан табылатын ізгі қасиеттерді де осы әуенмен байланыстыратындары жоқ емес. Әйткенмен, бүгінімізде киелі әуен бесік жырынан алшақтап, тіпті ұмытқандар да баршылық.

Объяснение:

Қазақ әжелері «бесік жыры – баланың көкірек көзін ашып, жан-дүниесін тербейді, сезімін сергітіп, көңіл-күйін де көтереді» дегенді жиі айтады. Осы бір ауыз сөзден әже мен ана әлдиінің айрықша қасиетін аңғаруға болады. Қазіргі күні бесік жырын айтпақ түгілі оның не екенін білмейтіндер көп. Қазақ халқы сәбидің алғашқы өнер мектебіне санайтын әлди әуен жастар санасынан жырақтап, ұмытылуға айналғаны салт-дәстүрге бей-жай қарамайтын кез келгенді қынжылтса керек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi