БЕРЕМ. Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.

Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.

Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.

Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.

Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.

Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 70–80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.

Төмендегі кестені толтырыңыздар: (7)

Мәтіннің тақырыбы:

Мәтіннің негізгі ойы:

Ғылыми фантастика жанры қандай салаларда қалыптасқан?

Әдебиетте ғылыми-фантастика қандай түрлерде қалыптасты?

Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде қашан және қалай қалыптасты?

Қазақ әдебиетінде ғылыми фантастиканың алғашқы белгілерін неден байқауға болады?

Ғылыми фантастика жанрының дамуының қандай пайдасы бар? ​

angeljulia20033 angeljulia20033    1   22.05.2020 07:40    7

Ответы
sprikutviktpria sprikutviktpria  15.10.2020 05:29

Мәтіннің тақырыбы: ғылыми фантастика.

Мәтіннің негізгі ойы: ғылыми фантастиканың не екендігін оқырмандарға жеткізу.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi