берем комектесыншы мәтін ішінен буын үндестігі сақталмаған сөздерді теріп жазып қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар Теледидар Теледидар өнерге мәдениетке халыққа қызмет етеді . оның адам үшін пайдасы көп . Үлкендерімізге де кішімізге де теледидар алдында көп уақытымызды өткіземіз. Өкінішке орай оның зиян жағы да бар. Әсіресе ол адамның ден саулығына үлкен әсер етеді. Ғалымдар теледидардың алдында ұзақ отыратын балалардың қанында холестерин көп болатынын анықтаған . Бәрімізге белгілі жағдай - теледидар көздің көруін нашарлатады. Ол адамның психологиясына әсер етеді. Әсіресе балалар мінезі өзгеруде . Олардың ашушаң ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі . Теледидарға құмар бала әдетте кітап оқымайды. Бала теледидар тұтқынына айналды. Ондай балада белсенділік төмен болады. Оны енжарлық жалқаулық басып тұрады . Баламен уақытты тиімді өткізген жөн . Алтын уақытты тек теледидар алдында өткізген дұрыс емес . Әрине теледидардан білім таным өнер үшін қажетті бағдарламаларды көруге болады. Кітапты көп оқитын бала әсемпаз зиінді бала болып өседі.