Берілген жүйе бойынша Көксерек бейнесін аш. Әр сұраққа 3-4 сөйлеммен өз пікіріңді жаз. 1. Көксерек не себепті адал ас пен ұрлық арасын ажырата алмады? Бұдан Көксеректің қандай бейнесін көруге болады?
2. «Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. Бұны талап жатқанын көріп, өзге иттер де келіп шабынан алып, борбайынан
созғылап өлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды. Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта «қыңқ» етіп
ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін
ыржитады.» Көксерек неліктен өзін солай ұстады?
3. Көксерек пен қара ала төбет оқиғасы немен аяқталды? Неге?
4. Көксерек Құрмашты не себепті өлтірді? Бұл әрекетіне қарап оған қандай баға бересің?