Берілген үзінділерден теңеу мен эпитеттерді анықтап, оларды автордың қолдану себебін түсіндіріңіз. 1)Жас жігіт үйіне келіп, әкесіне көпестердің келіп жеткенін айтты. Әкесі бұған қуанып, ақ шатырын орнатып, ақ отаулар тіккізді, оған жібек кілемдер төсетті. Өзі төрге шықты да, баласын оң жағына отырғызды. Бала өзінің көпестерге қалай болысқанын, гәуірлердің қалайша қырғын тапқанын әкесіне айтпады. Сол кезде көпестер келіп, бастарын иіп, Байбөріге сәлем берді.