Берілген үзіндіден тура және жанама мінездеуді ажыратыңыз. Кейіпкерге сипаттама беріңіз 1.Ол кезде балгер болған Нысан абыз,
Шын дәулескер бақсының өзі нағыз.
Жыны айта ма, кім білсін, шыны айта ма,
Айтқаны келеді деп қылады аңыз.
2.Баланы бір Матай кеп қолына алды,
Кебек қашты, жабылып жау да салды.
Қозыкүрең жартастан қарғығанда,
Ауып кетіп Еңлік қыз түсіп қалды.
Не күшті, ойласаңыз, тағдыр күшті,
Кім тоқтатар әзелде болмақ істі.
«Өлсем бірге өлмекші сертім бар», – деп,
Мінгестіріп алуға аттан түсті.
3.Он бесінде Кебектің аты шықты,
Атты жаяу бәріне бірдей мықты.
Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.