Берілген тақырыптың бірін таңдап, 70-80 сөзден тұратын пікір жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілердің қойылуына назар аударыңыз.
1) Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы бойынша үзіндіде Арал теңізінің
жағалауындағы оқиға баяндалады. Аралдың шығармадағы және
қазіргі жағдайына пікір білдіріңіз.
2) Адал, шынайы достық туралы ойыңыз қандай? Пікіріңізді білдіріңіз.
3) Дипломсыз да үлкен кәсіпті дөңгелетіп, табысқа жеткен адамдар
«жоғары білім бүгінгі қоғамда маңызды емес» деп жатады. Сіз қалай
ойлайсыз? Пікіріңізді білдіріңіз.


Берілген тақырыптың бірін таңдап, 70-80 сөзден тұратын пікір жазыңыз. Жазба жұмысында тыныс белгілер

lam3r lam3r    3   22.12.2020 08:25    37

Ответы
alesia4 alesia4  21.01.2021 08:25

Шынайы достық туралы

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:

«Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта досын сатқан адамдар!»

деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.

Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халықымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады.  Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi