Берілген тақырыптардың бірін таңдап, теңеу, эпитетті қолданып эссе жазыңыз (10-
15 сөйлем)
1. Қазақ ұлттық қолөнері.
2.Әлем таныған ұлы Абай
3.Қазақстанның көрікті жерлері ​


Берілген тақырыптардың бірін таңдап, теңеу, эпитетті қолданып эссе жазыңыз (10-15 сөйлем)1. Қазақ ұл

Vadimka69 Vadimka69    2   21.05.2021 21:04    0

Ответы
LeraBelenko LeraBelenko  20.06.2021 21:05

Объяснение:

Әлем таныған ұлы Абай

Абай Құнанбайұлы өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы - демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші - ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлеміндегі ірі құбылыс.

Қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың өлген күнінен қаншама алыстасақ та, оның өнерін қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп кемеңгердін өзі айтқандай, Абай - артына – өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгep.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi