Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында сөздердің орфографиялық, үндестік заңдарына сай жазылуына, сөйлем соңындағы тыныс белгілердің орынды қойылуына мән беріңіз. 1) Мен қандай мамандық иесі болғым келеді? 2) Біздің жерімізде қандай қазба байлықтары бар? 3) Олимпиада жеңімпаздарымен мақтанамыз
Біздің жерімізде қандай қазба байлықтары бар?Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған.Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада,Семейде табылған.Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.Құрылыста пайдаланылатын құмның қоры 88 кен орындарында шоғырланған. Силикаттың кірігіш өндіруге 32 кен орнының құмы, кәдімгі өндіруге 121 кен орнының құмы қолданылады.
Казақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті.Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлілігімен, байлығымен сипатталады.