Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, «Адал достық» такырыбына мәтін кұрап жаз. Тірек сөздер: ізгі қасиет, адам жанының айнасы, сенімді серік, адал болу, жанынан

табылу

Жоспар:

1. Достық туралы

2. Дос кандай болукерек? 3. Сенін досынкандай?

otoshol62 otoshol62    1   30.10.2020 09:07    13

Ответы
liza1460 liza1460  29.11.2020 09:07

Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi