Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында мәтін құрандар. Пайдалы, зиянды, спорттық ойындар, компьютерлік ойындар, кітап оқу, ғаламтордан іздеу, әлеуметтік желі, анама көмектесемін, ережелерді сақтау, компьютер алдында, ұзақ отыру, үзіліс жасау, денсаулығыма алаңдаймын, дұрыс шешім.
Өмірде қандай бір зат болмасын оның пайдасы мен зияны қатар жүреді. Сол сияқты ғаламтордың да адам үшін пайдасы орасан зор, егер сен оны дұрыс қолдана білсең, шектен шықпасаң. Ережелерді сақтау, сақтамау адамның өзіне байланысты. Компьютерлік ойындар ойнап,компьютер алдында, әлеуметтік желіде ұзақ отыру зиян. Қажетті материалдарды ғаламтордан іздеу, ережелерді сақтау, үзіліс жасау пайдалы. Мен денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан спорттық ойындар ойнаймын, анама көмектесемін, бұл дұрыс шешім,- деп ойлаймын.