Берілген тұрақты теңеулерді пайдаланып сөйлемдер құраңдар.
1. Емендей мықты
2. Тал шыбықтай бұралған
3. Қызғалдақтай жайнап
4. Ақ матадай аппақ
текст:
Бүгінде Грейг қызғалдағы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Табиғат жанашырлары қызғалдақтың жойылып кету қаупі төнгенін айтып жүр. Жылына бір-ақ рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейді. Грейг қызғалдағын "жауқазындар падишасы" деп те атайды. Бұл гүлдер Қаратау, Алатаумен шектесіп жатқан өңірлердің таулы аймақтарында жиі кездеседі. Бокал тәрізді гүлінің ұзындығы 8 сантиметрге дейін жетеді, әрі жапырақтары да өте ірі. Қызғалдақтың бұл түрі тек өзінің әсемдігімен ғана емес, емдік қасиеттерімен де ерекшеленеді. Мәселен, оның кей бөліктері бас ауруы, бауыр ауруларына ем.
Қызғалдақтың негізгі Отаны Қазақстан екенін әлем ғалымдары мойындап отыр. Ғалымдардың айтуынша, қызғалдақтың тұқымы Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстаннан Түркияға, одан ары қарай Голландияға жеткен. Мамандар қызғалдақтарды түбімен қазып алып, сатып пайда таппақ болғандардың кесірінен гүл падишасы мүлдем жойылып кете ме деп қауіптенеді.