Берілген тұрақты тіркестер мен күрделі сөз тіркестердің мағыналарын өз сөзіңізбен жазыңыз.Написать на казахском языке смысл данных выражений 1.Ешкімге бас имеген асыл рухы

2.Ақынның қанаты қайырылып

Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік тұрғыдан жинақтауда, зұлымдық құрған заман шындығын шынайы жеткізуде – әр қаламгер түрлі әдіс-тәсілдерге қол артқан. Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем шығармалардың ішінде Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі айрықша дара тұлға.
Қараой - жер атауы. Қаралы оқиға осы жерде өтеді. Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады. Ең бастысы, мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді.
Елінен айырылып, жерінен ауып, қос қыраны – екі ұлын қатар жоғалтса да, ақынның қанаты қайырылып, жігері құм болып, жасығанын көрмейміз. Тек қана көз алдында бақилық болған біртуар балаларын ойлап, есіне алғанда жүрегі елжіреп, көкірегі сары сағынышқа толы. Исатайсыз бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
Махамбет жапан далада жалғыз қалғанда жүрегіне жебедей қадалатын жалғыз жарасы – Өтемістен туған онның атқа қонып, жасақты қолға айнала алмағаны.

slavka30 slavka30    1   03.03.2021 08:13    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi