Берілген түпнұсқа мəтінді мұқият оқып шығыңыз. Негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мəтін жазыңыз. Астрономиялық бақылаулар
Ерте кездің өзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз күнге
қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дəл географиялық карталарды жасау, теңізде, əуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мəні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге

тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде-ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру а ң өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мəселелерді шешуді жеңілдетеді.
Аспан денелерінің көрінбейтін сəулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына жұтылады жəне Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады.

leon88 leon88    1   26.04.2021 08:42    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi