Берілген сурет бойынша шағын эссе жазыңыз. (55-65 сөз) По этой картинке напишите эссе (55-65 слов)


Берілген сурет бойынша шағын эссе жазыңыз. (55-65 сөз) По этой картинке напишите эссе (55-65 слов)

199535 199535    2   18.03.2021 08:23    0

Ответы
nikitakurganov nikitakurganov  17.04.2021 08:27

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ТҮРЛЕРІН БІЛІП ЖҮРЕЙІК! Қазақ халқының дәстүрлі тағамдану жүйесі қоршаған экологиялық жүйемен және шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Сондықтан қазақтың әрбір дәстүрлі тағамы денсаулыққа қажетті құндылық бола отырып, пайдасының зор екенін білеміз. Бұл ғылыми тұрғыдан да әлдеқашан дәлелденіп қойған. Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Бұл тағам түрлерінің емдік, тұрмыстық қасиеттері бар. Назарларыңызға ұлттық тағамның түрлері мен дайындалу әдісін ұсынамыз.  

Бауырсақ – шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады.

  Салма – ұннан дайындалатын тамақ түрі. Салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. Салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындайды. Дәмді болуы үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салған жөн. Қамырды оқтаумен жұқалап жайып, одан соң пышақпен жіңішкелеп кесіп, не болмаса қолмен үзіп, қайнап тұрған сорпаға пісіріледі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi