Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. Что надо делать смысл задания

виталий146 виталий146    2   28.10.2020 17:46    1

Ответы

ответ:Менің атам.

Менің атамның есімі – Тұрсын, жасы жетпіс екіде, дегенмен әлі жас көрінеді, өз күші өзінде. Атам көп жылдар бойы Ішкі Істер Басқармасында абыройлы қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер. Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Атам барлық немерелерін кішкене күнінен еңбекке баулып, өзінің бар білгенін бізге үйретуде. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады.

Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын.  Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен атамның «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал атам болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Атамды ерекше қатты жақсы көремін! Болашақта сол кісінің жолын қуып, полиция қызметкері болуды армандаймын.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
мне16 мне16  28.10.2020 17:50

Мна тапсырмада любой тапсырманы таңдайсың.Сөзді орфаграфиялық нормаға келтіресің.Қосымшаларды дұрыс жазып шығасың.Сөйлем соңына дұрыс тыныс белгіні қойясыңыз.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi