Берілген сөйлемдердегі үстеулерді тауып, мағыналық түрін көрсетіңіз! Кеше себелеп жаңбыр жауды. Баяу жел есті. Біраз уақыт өткен соң, күн ашылып, дала бусана бастады. Ақырын соққан самал жел ағаш бастарын тербегенде, жапырақтағы тамшылар жерге сытырлап себелейді. Құстар күннің шуағына қыздырынып, шықылықтап, ән сала бастады. Дала әдемі көңіл-күйде.