Берілген сөйлемдердің ішінен бірыңғай сөйлем мүшелерін тауып , оларға талдау жасаңдар . Тапсырманы орындап болған соң , жұмыстарыңды бір - біріңмен ауыстырып , жұптық бағалау жүргізіңдер , 1. Ертеде қаракесек пен қыпшақ руларының арасында бір дау болады . Қызыл тарланбас өзі құтты , өзі сүтті бие еді ( « Шешендік шиырлары » ) . 2. Бұлар Қазан , Уфа , Бұхара , Ташкент , Түркістанның медреселерінде , мешіттерінде оқыған ( « Қазақ әдебиеті » газетінен ) . 3. Адамзаттың қайғысы мен қуанышы мені жеке адамның өзінен артық қызықтырады . Адамдардың жаман екенін ажыратушы мен емеспін . Өйткені өзім де солардың бірімін . Қаласа да , қаламаса да жұрт мені ақын ретінде түсінеді . Мейірбандықпен , жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды ( М.М. ) .