Берілген сөйлемдер сабақтас құрмаластың қай түріне жатады ?
Сараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды.
Қыс келсе де, қар жаумады.
Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді.
Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.
Далада жаурағанша, үйде отырайық.
Жауын жауса, үйде отырамын.
Мен саған айтпасам да, сен білесің.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Жабай шығып кетпегенде, ол жігіттерді тоқтатар еді.
Сабақ оқымай, бес алмайсың.
Мұғалімге бармайынша, бұл тақырыпты түсінбейсің.
Марат оқымақшы болып, қалаға кетті.
Ол білім алу үшін, біраз қалаларды аралады.
Аттың дүбірі естілмесін деп, біз ауылдың шетіне қарай бұрылдық.
Оның оқығысы келіп, ел аралап кетті.