Берілген сөйлемдер құрмаластың қай түріне жататын анықтап, дәлеледеңіз. Тегі, бұл шоқу көзді ағызудың ғана тәсілі болмау керек, себебі көзі аққан жылан тулап бетімен лағады да, ақыры өледі. Әдетте оруды ең кұрметті кісі бастауға тиіс, сондықтан көпшілік бұл қүрметін Сырбайға көрсетпек болды. Ботаны ағыс алып кетер деп қауіптене отыра Сырбай оның ноқтасының бауын босатып жіберді: басын тартса, құлағына су кетірермін деп ойлады (С. Мұқанов). Құмның ыси бастауынан қашып аң біткен Бет-пақтың даласына қарай өтіп кетсе керек, таңертеңнен бері не бір қарақұйрық, не бір киік кездеспеді аңшыға (С. Мұратбеков)