Берілген сұрақтарға жауап жазбаша жауап беріңіз.. 1. Жылқыны жасына қарай қалай атайды?

2. Жылқыны түсіне қарай қалай атайды?

3. Жүйрік аттарды қалай атайды?

4. Жылқыға байланысты қандай ойындар бар?

dmitriy14nagiev dmitriy14nagiev    2   08.12.2020 05:51    1

Ответы
кэтси кэтси  07.01.2021 05:53

1)Жылқы төлдерін былай бөледі: Құлын (биенің жас төлі), Жабағы (6 айдан асқан құлын), Тай (1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды: Құнажын байтал (2 жастан асқаны), Дөнежін шығар (3 жастағы байтал), Дөнежін байтал (3 жастан асқаны), Бесті бие (4 жастан асқаны), Қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие) Кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие) Жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды. Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары: Құнан айғыр (2 жастан асқаны) Дөнен айғыр (3 жастағысы) Сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны) Бесті айғыр (5 жастағысы) Сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.

2)Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі.

Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі.

Жирен жылқы. Сыртқы қылшық түктері бірыңғай сарғыш қызыл болып келуі.

Торы жылқы. Түк бітістері тобылғы түстес, жал, құйрық, сирақтары қара қошқыл болып келгені.

Көк жылқы. Жылқының түктері шымқай көк болмай, көкшіл қылшықты келуі.

Қара көк жылқы. Жылқының сыртқы түктері қара қошқыл болып келгені.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi