Берілген роман үзіндісін оқыңыз. Романның өн бойынан аңғарылатын автор позициясына талдау жасаңыз. Айтпақ ойын, оқырманға жеткізгісі келген жан сырын жеткізіп көріңіз. ...Жоғарыда айтып ѳткен Байжанның он жеті жастарға келген Жұман дейтін бір таз әм ақылсыз баласы бар еді. Сол елде екі-үш Жұман есімді жігіттер болғанға, бірін - «сары Жұман», бірін -«тапал Жұман», Байжанның баласын -«таз Жұман» деуші еді. «Ата даңқымен қыз ѳтеді, мата даңқымен бѳз ѳтеді» деп, Байжан ѳзі тәуір болған соң, қол жетіп тұрған заманда бір бай жерден Жұманға жақсы қыз айттыруға ойы бар еді. Бір күндерде Байжан мәжіліс арасында: «Жұманға құда болатын лайықты жер білгендерің бар ма?» деп сұрапотырғанда, біреу тұрып:
- Биылғы Нұрпейіспен билікке таласатын Сәрсенбайдың бір жақсы баласы бар, шешесі тәуір кісі - Жарас молданың қызы, ѳзі оқыған бала, қазірде он-он бірге келсе керек,-деді. «Олай болса, бұл ескеретін жер екен» деп Байжан ішінен ойлап қойды. Кѳп ұзамай Байжан Сәрсенбайға «құдай қосса, құда болайық» деп бір кісі жіберді. Бұл хабарды есіткеннен соң, Сәрсенбай үй ішіне ақылдасып кѳріп еді, үлкен қатыны ұнатып, Жамалдың анасы Шолпан ұнатпады. Сѳйтсе де ѳткен сайлаудағы Байжанның Нұрпейіске болысып, ѳзін құр тастағанын ойлап, Сәрсенбай құдалық себебімен келесі сайлауда би болмаспын ба екен деген ойға кіріп, ѳзін билікке таластырған достарына ақылдасты. Бұлар естіген жерден:
- Құдай берді, әйде, қайырлы болсын, құда болыңыз, қызды қырғызға да береді.
Байжанның баласын жұрт пәлен-түген десе де, асылдың тұқымы ғой, әлі-ақ ѳскен соң түзеліп кетеді,- деп ѳзі босап тұрған Сәрсенбайды құда қылуға айналдырды.
Жалғыз-ақ Шолпан неше күндей кѳнбей:
- Жамалды ѳзінің теңіне береміз. Байжанның баласы жаман дейді, атасының байлығы не керек, -десе де, Сәрсенбайдың құлағына кірмеген соң:
- Екі дүниеде Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, патша болатын болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға қиып бермекші боласың? - деп кѳзінен жас тѳгіп, үйден шығып кетті. «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы деп, Сәрсенбай басқа сѳз айтпай, ішінен мыңқылдап отырып қалды...

fofanchuk fofanchuk    1   13.01.2021 11:46    16

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi