Берілген мәтіннен есімдіктерді тауып, мағыналық тобын ажыратыңыз. Түнде суға барма.
Жынның басшысы Самандун Сүлейменге мың жүйрік тұлпар ұстап беріпті. Сүлеймен оның қызметіне риза болып:
- Не сұрайсың? - дейді. Самандун:
- Өзен-көлді ежелден мекен етуші едік. Оны бізден тартып алып, адам ұрпағына бердің. Бізге мекенімізді қайтар! - деп сұрайды. Сүлеймен:
- Дегенің болсын. Бірақ түнде пайдаланасың. Мен оны күндіз а ң игілігіне бердім, - дейді. Содан жын-жыбыр түнде өзен-көлді аралап, сайран құрады екен. Бір күні бір жігіт үйінде ішерге суы болмай, түнде өзенге барады. Барса жындар су бермейді. Жігіт Сүлейменнің сарайына барып, осы жағдайды айтып береді. Сүлеймен ол жігітке бір дұға жазып береді де, Самандунға сәлем айтады. Жігіт барып жаңағы дұғаны оқып, «Су иесі – Сүлеймен, су алуға рұқсат ет» - дейді екен. Сонда барып жынның басшысы Самандун: «Бұл жердің шын егесі – Сүлеймен. Оған Су беріңдер! – дейді екен. Содан бастап адамдар түнде суға барса, «Су иесі – Сүлеймен, су алуға рұқсат ет» - дейтін көрінеді.
Әлдекім есімдігін септеп, қайсы есімдігін III жақта тәуелдеп көрсетіңіз.