Берілген мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде
адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады,
қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік
нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын
иеленеді. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік,
бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Бостандық — елдің ішкі және сыртқы саясаты саласында әлеуметтік
субъектілердің (жеке адамның, топтардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, т.б.) өз
мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі; құқықтық мүмкіндіктер
аясы. Қоғамдық дамудың кейбір қайшылықтары мен кереғарлықтарына
қарамастан, қайсыбір тарихи кезеңдерде жеке адам иеленетін Бостандықтар аясы
кеңи түсетіні дәлелденген.
Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін
философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек.
Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның
мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Объективтік мағынадағы құқық —
нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді.
Бұл орайда көрсетіп кету керек — субъективтік құқық объективтік құқықтың
негізінде туындайды және тоқтатылады.
І. Мәтінді оқып, тақырып қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша жоспар
құрастырыңыз.
Тақырып:
Жоспар:
1.
2.
3.
ІІ. Мәтінді оқып, қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын ашып жазыңыз.
ІІІ. Мәтінді оқып, өзіңізге ұнаған 2 cөйлемді көшіріп жазып, оларға 2 нұсқада
сұрақ қойыңыз
1. 1.
2.
2. 1.
2.
Жазылым
І. Тараулар бойынша өтілген тақырыптар негізінде берілген сұрақтарға
жауап беріңіз.
1. Елбасының «Қалың елім, қазағым» кітабында не туралы айтылған?
2. Нұр-Сұлтан қаласындағы Елбасы кітапханасы туралы не білесіз?
3. Елбасының еңбек жолынан не білесіз?
ІІ. Өтілген тақырыптар бойынша берілген жаңа сөздер мен мезгіл үстеулерді
пайдаланып сөйлемдер құрастырыңыз.
Қажетті сөздер: арна, лауазым, белес
ІІІ. Берілген тақырыпта 8 сөзден кем емес кластер құрастырыңыз.