Берілген мәтін стилін ажыратыңыз.
Галилео Галилей — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен.[2] Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.
Әлемнің Коперник жасаған гелиоцентрлік жүйесінің маңыздылығы Кеплер ғаламшарлардың (планеталардың) эллиптикалық қозғалысының ақиқат заңдарын, ал Ньютон олардың негізінде бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқаннан кейін көрінді. Леверье мен Адамс осы жүйенің мәліметтерінің негізінде белгісіз ғаламшардың (Нептун) бар екендігін болжап, теория жүзінде оның орналасқан тұсын анықтады, ал Галле аспандағы көрсетілген нүктеге телескопты бағыттап, оны ашты. Бұл Коперник ілімінің салтанаты, оның ақиқаттығының дәлелі емес пе?