Берілген мәтін ішінен 2 есімдік тауып жазыңыз Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді.
Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне
ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың
денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.
Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74
пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді
екен.
Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге
жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды.
Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер
бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.
Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар
түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды,
(156 сөз)
I
І