Берілген мәтін негізінде 2 күрделі сұрақ құрастырыңыз (по заданному тексту составьте 2 сложных вопроса)
17 қаңтарда әлем бойынша Өнертапқыш балалар ашқан жаңалықтар күні аталып өтіледі. Осы ретте қазақстандық жас өнертапқыштардың ашқан жаңалықтарын назарларыңызға ұсынамыз.
2013 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Хәкім Садуақас «ЛАМАБАТЭЛ» атты мобильді аппарат ойлап тапты. Медициналық құрылғы диагностика мен терапияда төрт түрлі қызмет атқарады: лазеротерапия, магнитотерапия, биологиялық белсенді нүктелерді табу мен электромассаж. Құрылғы электр қуатымен де, аккумулятормен де, қарапайым батареямен де жұмыс істейді.
2013 жылы Қостанай облысы Новотроицк ауылының кішкентай тұрғыны Олег Лило "Ай" атты зертхана жасады. Сегіз жасар ғалымның айтуынша, Айдың бетіндегі жағдайды анық көруге болады. Құрылғының камерасы, лазері бар. Олегтің жаңалығы Астанада өткен ғылыми-техникалық форумда "Аэроғарыштық техника, авиация және ғарыш ісі" номинациясы бойынша бірінші орын алды.

Vasianeumaha Vasianeumaha    2   16.10.2020 12:28    0

Ответы
анлггрн765 анлггрн765  15.11.2020 12:29

1."ЛАМАБАТЭЛ" аппаратының қызметі қандай?

2.Қостанай облысы тұрғынының ашқан жаңалығы қандай?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi