Берілген мәтін арқылы диалог құрастырыңыз (жазбаша). Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
2011 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақша күрестен "Қазақстан барысы", «Әлем барысы», «Евразия барысы» республикалық турнирлері өтеді. Бұл осы ұлттық спорт түрін дамыту үшін өткізіледі. Мұнда Еуропа мен Азиядан балуандар қатысады. Тұрақты қатысушылары Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қытай және Қазақстан балуандары. Қазақстан балуандары: Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Ұлан Рысқұл, Еламан Ерғалиев. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
бжб ма қиын ғой неге??? дееен