Берілген əдеби сын-пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз. «...Жақсы шығарма – жан серігің. Сəтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады. Жаңа шығармаларды əркез оқуға уақыт табамын. «ЖЗЛ» сериясымен шыққан Медеу Сəрсекенің Қаныш Сəтбаев пен Ебіней Бөкетов жайлы терең зерттеуден туған кітабын сүйсіне оқыдым. Соңғы екі шығарма кəнігі металлург ретінде маған жаныма ерекше жақын» - деп Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев жазушы М.Сəрсекенің шығармашылығына пікір білдірген. Қаныш Сəтбаевтың тұлғалық тұғырын биіктете түсетін шығармалары Медеу Сəрсеке өмірінің өзегіне айналғандай. «Қазақтың Қанышы» романына жазған аңдатпа сөзінде Халық жазушысы Əзілхан Нұршайықовтың «Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың тамаша үлгісі осындай-ақ болар...» дегенін Медеу Сапаұлының Сəтбаев тұлғасын əспеттеуіне берілген əділ баға ретінде бағалаймыз.

Annet225 Annet225    1   24.12.2020 14:01    51

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi