. Берілген ауызекі сөйлеу стиліндегі А және ресми іс-қағаздар стиліндегі Ә мәтіндерін оқып шығып, оларға тақырып қойып, мазмұнын анықтаңыздар А мәтіні
Дзюдодан Азия чемпионы Ғалия Тынбаевамен сұхбат.
Алғашқы жеңіліс пен жеңіс?
Ең алғашқы жарысым күні кеше ғана болғандай көз алдымда. Онда қарсыласым ұлдар болды. Иә, кәдімгідей ұлдармен күрестім. Тіпті, финалға дейін жеттім. Ақтық сында жаттықтырушымен бірге жаттығатын баладан ұтылып қалдым. Қатты намыстандым. Содан бері ұтылуды жек көремін. Өзіме “Енді ешқашан жеңілмеймін” деп сөз бердім. Қарсыласым қыз болса да, ұл болса да, соңғы мүмкіндігім қалғанша жеңіс үшін барымды саламын деп шештім. Алғашқы жеңілісім маған осындай сабақ берді.
Алғашқы жеңісім де есімде. Ол қыздар арасындағы біріншілік болатын. Бірінші орын алғанмын. Одан кейін менің жетістікке, жаттығуда төккен терді ақтауға деген құштарлығым оянды. Нәтижеге жұмыс істеуге кірістім.
Ә мәтіні
2011 жылы Астана және Алматы қалаларында 7-ші Қысқы Азия ойындарын даярлау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитеті К.Қ. Мәсімовтің төрағалық етуімен Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы мақұлданды.
Бұдан басқа Ойындар өткізу шегінде Азиялық Олимпиада Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 азия елдерінің спорт қозғалысы басшылары қатысады деп шешілді.
Тақырыбы
А мәтіні Ә мәтіні
Мазмұны
А мәтіні Ә мәтіні