Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта. Бүгінгі таңда жаһандық нөмірі бірінші мәселеге айналып келе жатқан су жайында біз Білім және ғылым министрлігінің «Парасат» ғылыми-технологиялық холдингіне қарасты География институты директорының орынбасары Саят ӘЛІМҚҰЛОВПЕН сұхбаттасқан едік.

– Саят Құрбанбайұлы, қазіргі кезде әлемнің көптеген елдері ауыз судың тапшылығын тартып отыр. Ал Қазақстанда тұщы судың тапшылығы бола ма?

– Соңғы жылдары ғаламшарымыздың түрлі аймақтарында су тапшылығы орын алуы мүмкіндігі туралы жиі-жиі айтылуда. Тіпті, су ресурстары қазіргі уақытта геосаясаттың құралына да айналып бара жатыр. Өйткені су – барлық ресурстардың ішіндегі ең маңыздысы, адамзат тіршілігінің кепілі. Географиялық орналасуы, табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты біздің еліміз үшін де су мәселесі үнемі қадағалауда ұстауды қажет етеді. География институтының бағалауларына сәйкес, Қазақстанның су ресурстары орташа сулы жылдары 115,1 км3 құрайды. Суды еліміздің халқы ең тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары көбірек пайдаланады. Қай аймақта су тапшылығы барын осыдан-ақ көруге болады. Ертіс және Балқаш-Алакөл алаптарында траншекаралық сулардың азаюы мүмкіндігін ескеретін болсақ, елімізде су тапшылығы қаупі жоқ өңір жоқ деуге болады. Су тапшылығы дегенде біз, әрине, тек ауыз суды ғана емес, жалпы еліміздің экономика салаларының, табиғи-экологиялық жүйелерінің суға сұраныстарын айтып отырмыз.

–Еліміздегі жерасты суларының қоры қаншалықты деңгейде зерттеліп, расталған? Олардың халықты сумен қамтамасыз етуде қаншалықты болашағы бар?

– Жалпы алғанда, жер үстіндегі суларға қатысты екі үлкен қауіп бар. Біріншісі – климаттық өзгерістер, екіншісі – шетелдерден ағып келетін су көлемінің азаюы. Негізгі фактор осы екеуі. Қазіргі кезде «Климаттың өзгеруімен су ресурстары қалай болады?» деген сұраққа нақты жауап жоқ. Тек климаттық өзгерістерге байланысты кейбір жерлерде су көбейіп жатыр, ал енді бір жерлерде азайып жатыр деген болжамдар ғана бар. Бірақ, бір анығы, соңғы кездердегі климаттық өзгерістерге сәйкес температура көтеріліп, жауын-шашын айтарлықтай өзгермеген жағдайда, буланудың өсуіне байланысты су көлемі азаюы тиіс. Қазіргі кезде таулы аймақтарда аталған азаю к су қорлары (негізінен мұздықтар) есебінен қарымталанып отыр. Олардың әлеуеті шексіз емес екені тағы белгілі.

– Қазақстандағы шағын өзендер мен көлдердің ахуалына белгілі бір мониторинг жасала ма? Олардың еліміздің экономикасындағы әлеуеті қандай?

– Қазақстанда ауданы 1 гектардан жоғары 48 мыңға жуық, 1 шаршы км-ден асатын 3 мыңға жақын көлдер, 85 мыңға тарта ағын сулар бар. Оларға мониторинг жүргізетін Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне қарасты «Қазгидромет» РМК ұйымы. Бір жағынан, барлық көлдерге бақылау жүргізу қажет емес. Бәлкім, қандай да бір зерттеулер арқылы әрбір географиялық белдеулерде немесе табиғи шаруашылық ерекшелігі біртекті аудандардағы бір-бір көлге бақылау жүргізген дұрыс шығар.

- Саят Құрбанбайұлы, сұхбатыңыз үшін рақмет! Бүгін бір мәнді сұхбат болды деп ойлаймын.

-Рақмет!


Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта. Бүгінгі таңда жаһандық нөмірі бірінші мәселеге айна

GNOM888 GNOM888    2   30.11.2020 11:50    4

Ответы
Элина2018 Элина2018  30.12.2020 11:54

1. Акикат

2. Жалган

3. Акикат

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi