Берілген ақпарат мазмұны бойынша 5 сұрақ құрап жазыңдар. Абай өмірдегі, табиғаттағы көркемдікті ете нәзік сезініп, шебер бейнелеп айта білетіні табиғат көріністерін жырлайтын лирик. туындыларынан да айқын көрінеді. «Жазғытұры» атты өлеңінде жылдың осы мезгілінің елге жылылығын айтқанда ақын:

«Анамыздай жер иіп емізгенде,
"Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер...» - деп, жерді мейірімді анаға, аспанды қамқор әкеге теңейді. Жерді ана бейнесінде алып қарау - қазақ халқы ғана емес, басқа елдердің ой-санасына да тән нәрсе. Ап, Абайдың басқа бір шығармасында «атам-анам - қара жер» деген жолдар да бар. Немесе Сұлтанмахмұттың «Адасқан өмірде»:

«Жер-анада жететін тамақ жоқтан,
Отыр ма адам бірін-бірі шайнап...» -
дейтіні және бар. Аспанды әке бейнесінде көрсету де жайдан-жай алына салмаған. Аспанды әке деп түсінетін нанымның ерте кездегі, ежелгі замандағы адамның ой-санасында орын алғандығын байқататын суреттер де кездеседі. Абай соны өзінше жаңғыртып, ескі ұғым қалпында тың сипаттағы суреттеу тәсілі етіп қолданып отыр. Одан ары өлеңде бейнелеп суреттеу тәсілі тағы да түрлене түседі:

«Күн - күйеуі, жер - қалындық сағынысты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Күн қырындай жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді ай, жұлдыз к... қысты.
Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға ел еріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өңіне шырай беріп.
Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай.
Кеңілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толықсып түрленер тоты құстай...» 
Абайдың өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, біз одан шексіз бай өмір шыңдығын көреміз, теңдесі жоқ ақындық шеберлік, суреткерлік, керемет сипат-қасиет табамыз.

svetaredkina svetaredkina    2   05.04.2021 11:44    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi