Берілен үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз. ...Балықшылар қараңғыда қайдан шықанын білмесе де, үлкен мұздың тұмсығы ілгері жағынан бір тұйыққа тірелгенін сезді. Таң атқасын болмаса, мына қараңғыда қозғалуға қорықты. Және қалай қарап жүрерін білмей, ашықмұз үстінде, жел өтінде бір топ кісі бүрсендеп тұр.
Кешегі күні олар тірі қаламыз деп ойлаған жоқты. Теңізге шыққасын жұқа мұз быт-шыт боп, балықшылар бет-бетіне ығып кетті. Тоқымдай мұздың бірінен-біріне секіріп жүргенде, Итжемес тайып, теңізге құлады.
Онан үш балықшы үсіп өлді. Құлтума да шалажансар, кірпігі ғана қимылдайды. Іштеріндегі Еламан, Кәлен, Мөнке, Дос қана. Әзір Рай аяғынан басып тұр. Аяғындағы етікке су өткен еді. Аязға шыққасын қайыс етік құрысып қалды; қанша сыр бермейтін десе де, таң алдыңдағы сары аяз шыдатпай, жас жігіт жаурап,Еламанның иығында дір-дір етіп тұр. Ауық-ауық жүгіріп алады, онда да құрысқан қайыс етік аяғын сығып, ауырсынып тұра қалады
« Қан мен тер» Ә. К. Нұрпейісов 126(сөз)
2-мәтін
Ғафу Қайырбеков
«Тышқан көз» деген бұлақ ол,
Тәтті де суы шекерден.
Қандырып сусын, шығады ол
Шілдеде шып-шып шекеңнен.
Балауса шөпті жапырып,
Балалар бақа қуады.
Ақ көбік сабын сапырып,
Аналар кір-қоң жуады.
Іргені түріп, самалдап,
Көлеңке басын келтіріп,
Алдында қымыз «ал, ал!» - деп,
Ақындар жатар лепіріп.
Ac үйде анау келіншек
Көтеріп аппақ шараны,
Көзге бір жайнап көріне,
Көңілің ойнақ салады.
Сабаз-ай десей, сайран күн,
Соңымнан тауы Баянның
Сен ұмыт болар ма екенсің?
Телміріп қарар ма екенсің? 74(сөз)

3.Берілген кестені толтырыңыз
1- мәтіннің құрылымы
2 - мәтіннің құрылымы
1.бастауы бөлім
1.бастауы бөлім
2.негізгі бөлім
2.негізгі бөлім
3.қорытынды бөлім
3.қорытынды бөлім

MihailBobr MihailBobr    2   28.12.2020 12:31    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi