Белгілеп оқу, астын сызып оқу стратегиясын қолданып оқы. Неологизмдерді теріп жаз. Саны-9.
«Бәйтерек» монументі – елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны, оның визитті
карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие
алып ағаш. Бәйтерек – байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты,
діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Оның идеясында
«Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Монумент ұзын темiрлi
құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон
шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.