Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Сиднейде өткен ХХҮІІ Олимпиаданың чемпионы. Балалық шағы. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже перзенті болды. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1999 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы № 18 орта мектепте оқиды.1995 жылы алғаш рет бокс үйірмесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім-тәрбие ала бастайды. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тамамдаған. 1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз. А) еңбек, перзент, білім
В) күрес, үйірме, оқушылар
С) бапкер, чемпион, боксшы
D) адамдар,күш, маман

GoldTask GoldTask    1   15.03.2021 00:33    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi