Әбділдә Тәжібаев – көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық
жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ол 1909 жылы 4 ақпанда Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге
келген. Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, кейін
Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университеті), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы
жоғары әдеби курсты бітірген.
Еңбек жолын 1926-1928 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен
Қазақстан») газетінде пошта тасушы, содан кейін корректор болып бастаған. 1927 жылы
«Жұмысшының гудогі» атты тұңғыш өлеңі «Жұмысшы» газетінде басылады. Әрі қарай
өлеңдері «Жұмысшы» және «Еңбекші қазақ» газеттерінде шығып тұрған.
1)Дұрыс
2)Дұрыс
3)бұрыс
4)Дұрыс