Байлык пен акыл мазбундама

ооа10 ооа10    1   25.12.2020 21:53    1

Ответы
неизвесный1 неизвесный1  24.01.2021 21:53

не понимаю

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
vladgodd vladgodd  24.01.2021 21:53

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып, былайдепті:

– Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсыларың маған ақылдарың мен байлықтарыңды көрсетіңдер, – депті.

           Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

           – Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, – депті.

           Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

           – Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығыма бас иеді, - дейді.

           Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

           – Бұндай белдікті ешкім буынып көрген жоқ, – дейді.

           Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:

           – Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді. Сонда кенжесі былай депті:

           – Мен де асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар.

           Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп, кіші ұлын айтыпты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi