«Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» төмендегі жырлардың қайсысымен мазмұндас екенін белгілеңіз.
«Манас» жыры
«Ер Тарғын» жыры
«Алпамыс батыр» жыры
«Қобыланды батыр» жыры
2. Ахмет Ясауидің «Даналық кітабындағы» тарихаттың мәнін анықтаңыз.
Мұсылмандық жолы
Құдайға құлшылық ету
Ғылым-білім
Сопылық ілімнің негізі
3. А. Ясауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі –
Тәкаппар болма
Мал табуға асықпа
Ұмытшақ болма
Дүние-мүлікті сатпа
4. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетіндегі» қай жолдары сәйкес келеді?
Талпынып салдым егінді, Ішсін деп әркім тегінді.
Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке.
Әркім өзі талпынбақ, Басына бітер бағы үшін.
Араз болсаң алты ауыз, Еліңе кірген әреке.
5. Шалкиіз ақын мықты батырларға ғана лайық сөзді қай жолдарда қолданды?
Жазалы, алтын, қол кескен. Алдаспаным өзіңсің.
Сен - алтынсың, мен - пұлмын. Сен - жібексің, мен - жүнмін.
Жоғары қарап оқ атпа. Жуық түсер қасыңа.
Алп, адп басқан, алп басқан. Арабы торым өзіңсің.
6. Жырау деген кім?
жырды таратушы
айтысқа түсетін адам
өз жанынан шығарып жыр айтушы
поэзиялық туындыларды таратушы
7. Жыршы деген кім?
жырды айтушы, таратушы
жырды өзі шығарушы
поэзиялық жырды таратушы
драмалық туындыларды таратушы
8. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
А.Яссауи
М.Қашқари
Қорқыт
С.Сараи
9. Ахмет Ясауидің еңбегін көрсетіңіз.
«Диуани хикмет»
«Һибат ул-хақаиқ»
«Диуани луғати-т-түрік»
«Қисса-сул әнбия»
10. А.Ясауи қандай отбасында дүниеге келгенін табыңыз.
әскербасының
көрнекті дін қайраткерінің
белгілі өнерпаздардың
би-шешендердің
11. «Диуани хикмет» кітабына енген шығармалардың сипаты –
қоғам, саясат туралы өлеңдер
тұрмыс-салтқа байланысты өлеңдер
дидактикалық сарындағы өлеңдер
елдік пен ерлікті дәріптеген өлеңдер
12. Қожа Ахметке алғаш білім берген ұстазы –
Арыстан баб
Бахаул-дин Испиджаби
Жүсіп Хамадани
Жүсіп Баласағұни
13. Қорқыт қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
VІІI
ІV
Х
ХІ
14. «Қорқыт ата кітабы» осы күнге дейін неше қолжазба нұсқада жеткенін белгілеңіз.
бір
бес
төрт
екі
15. Қорқыт ата мазары орналасқан жерді белгілеңіз.
қазіргі Алматы облысы, Жаркент қаласы
қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
қазіргі Ақмола облысы, Атшабар ауданы
қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы
16. Қожа Ахмет Ясауи білім алған оқу орнын көрсетіңіз.
Шам медресесі
Бұқарадағы Хамадани мектебі
Самарқан медресесі
Дамаскідегі әл-Киндии мектебі
17. «Диуани хикмет» кітабының негізгі идеясы –
ғажайып істер жасауға үндеу
нәпсі қалауларына ерік беру
ізгілікке шақыру
дүниенің сұлулығын дәріптеу
18. «Диуани хикмет» кітабындағы хикметтердің санын көрсетіңіз.
200
362
77
149
19. Шалкиіз қай ғасырда өмір сүргенін көрсетіңіз.
XV–XVI
XVІІ
XІІІ–XIV
XІX
20. Шалкиіздің нағашы атасы –
Темір би
Мұса би
Жүсіп
Исмайыл
21. Шалкиіз жырларының негізгі тақырыбы –
жастардың бас бостандығы
махаббат машақаты
дін өкілдерін сынау
елдік пен ерлік
22. Үзінді Шалкиіздің қай толғауынан алынғанын көрсетіңіз. Көлдерде қулар шулайды- Көкшілден ол айуан Соққы жегенге ұқсайды
«Алаштан байтақ озбаса»
«Би Темірге бірінші толғау»
«Жапырағы жасыл бәйтерек»
«Асқар, асқар, асқар тау»
23. Үзіндіде қолданылған көркемдеу құралын көрсетіңіз. Сен алтынсың – мен пұлмын, Сен жібексің – мен жүнмін, Сен сұлтансың – мен құлмын, Сен сұңқарсың – мен қумын.
теңеу
эпитет
метафора
метонимия
24. «Би Темірге бірінші толғаудан» алынған үзіндіні көрсетіңіз.
Туырлықсыз қара үйге. Ту байламақ не керек.
Айырдан туған жампоз бар. Жүгін нарға салғысыз.
Аспанды бұлт құрсайды – Күн жауарға ұқсайды.
Алаштан байтақ озбаса, Арабыдан атты сайлап мінбен-ді.
25. Үзіндідегі теңеуді табыңыз. Телегейдей сайқалтып, Жарқыраған беренді Теңіз етсе, тәңірі етті.
телегейдей
жарқыраған
теңіз етсе
беренді
26, Ақтамбердінің ақындық таланты неше жасынан бастап танылғанын көрсетіңіз.
16-17
23-25
10-11
6-7
27. Үзіндідегі көркемдеу тәсілін белгілеңіз. Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз, Күдеріден бау тағып, Қамқапты киер ме екенбіз?!
анафора
эпифора
ассонанс
аллитерация
28. Ақтамбердінің өмір сүрген жылдарын белгілеңіз.
1675-1768
1527- 1578
1802-1871
1627-1718
29. «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауының буын саны –
11
7
10-11
7-8
30. Өлең жолының жалғасын табыңыз. Атаның ұлы жақсыға Малыңды бер де басың қос, ...
Бір күні болар керегі
Дәрежеңді артық етсе, тәңірі етті
Тең атаның ұлы едің
Тұсыңдағы болған нартың қорлама