Баяндауыш қызметін атқара алатын сөзді тап​

minipersik02 minipersik02    3   16.11.2020 06:54    1

Ответы
оооопп оооопп  16.12.2020 06:56

Баяндауыш болатын сөз таптары:

Етістіктер мына тұлғаларда айтылып, баяндауыш болады:

ашық райдағы етістіктер

Мысалы: Мен бір аса маңызды жұмыспен келіп отырмын.

бұйрық және қалау райларындағы етістіктер

Мысалы: Ғылым таппай мақтанба. Кел балалар оқылық. Ол сағат жетіге шейін қайтса игі еді.

тұйық етістіктің атау түрі мен жатыс жалғаулы түрі

Мысалы: Дұрыс жазуға үйренудің бір жолы — кітапты көп оқу.

есімшелер

Мысалы: Аяңшыл ат арымас

Есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім) және есімдіктер ешқандай жалғаусыз да, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары және жатыс септік жалғауы қосылып та баяндауыш болып келе береді

Мысалы: Ердің сыншысы — елі

Мезгіл және мекен үстеулері (ілгері, кейін, жоғары, төмен, ертең, кеш, былтыр, күндіз т. б.) атау тұлғада, кейбіреулері жатыс септікте тұрып та баяндауыш болып келе береді

Мысалы: Киноға баруға уақыт тым кеш[1]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi