Баянауыл тауы туралы қысқаша ақпарат жазындар​

lili247 lili247    1   29.10.2020 08:24    0

Ответы
antuarmenskaya antuarmenskaya  28.11.2020 08:25

Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 600-1000 метр, ең биік жері – Ақбет тауы (1026 м). Орталық тау шоғырынан жан-жаққа тараған сілемдері — Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жақсыаула, Жаманаула біртіндеп аласара береді.

Тау силур мен девон кезеңінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Мезозой кезеңінде сыртқы күштің әсерінен жеміріліп, осы күнгі бедері пайда болған. Тау басы қия, жартасты келеді. Таудың етегінен басына дейін өскен бозтал, балқарағай, ақ қайың орманы, тау аралығындағы қазаншұңқырда жатқан суы мөлдір көлдер (Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр), әсем құзы, алуан бейнелі алып жартастары, үңгірлері, тау етектерінен аққан бұлақтары табиғатына ерекше көрік береді. Орман ішінде қарақат, жидек, бүлдірген, таңқурай, саңырауқұлақ, тағы басқа өседі. Баянауыл тауы өңірінде бірнеше демалыс орындары бар. 1988 жылы Баянауыл тауының табиғатын қорғау мақсатында Баянауыл ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
DanilBeast DanilBeast  28.11.2020 08:25

Баянауыл – өңір. Павлодар облысында орналасқан. Мұнда 1833 – 1868 жылы Баянауыл сыртқы округі құрылды. Үлкен жәрмеңкелер өткізіліп тұрды. Табиғаты аса сұлу жер, тауындағы қарағайлы орманында қайың, қандыағаш, мойыл, т.б. аралас келеді. Орман ішінде бүлдірген, жидек, таңқурай, қарақат, саңырауқұлақ өседі.

Объяснение:

Баянауыл – киесі мен иесі бар, табиғаты тамаша құт мекен. Әулиелер мен ғұламалар туралы аңыз көп. Тастар қалашығы мен өзен-көлдері ғажайыпқа толы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi