Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте əсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен. Сонда əкесіне қызы:
- Əке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен əлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады əкесі.
Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Əкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз əкесіне:
- Əке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нəрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бəрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді əкесі.
Мəтін қай үлгіде жазылған?
А) мақала В) хат С) ертегі D) эссе

Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа
A) Қыз есейіп, бойжеткен атанады.
B) Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады əкесі.
C) Ал кітап оқысаң, білімің артады.
D) - Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар.

Мəтінге сəйкес мақалды белгілеңіз.
А) Үйің жаман болса, күйің жаман В) Жалқауда күнде той
С) Отан от басынан басталады. D)Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі.
,

zzzaharr zzzaharr    3   04.05.2021 15:15    1

Ответы
zejbelanka zejbelanka  04.05.2021 15:20

С)Ертегі

D)-Міне,жақсылардың жақсысы деген - осылар

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
dashamedakina dashamedakina  04.05.2021 15:20

С)Ертегі.

Д)-Міне жақсылардың жақсысы деген-осылар.

Д)Еңбек адамның көркі,адам заманның көркі.

Объяснение:

Можно лучший ответь

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi