Байқоңыр» ғарыш алаңы – әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады. Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке – 75, ал батыстан шығысқа 90 шаршы шақырымға жуықтайды. Байқоңыр ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алғанда бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймағының болуы және басқа да факторлар ескерілген. 1990 жылы «Байқоңыр» полигонының атауы «Байқоңыр» ғарыш алаңы болып өзгертілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. Онда ғарыш кемелерін, ғарыш станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, зымыран қондырғыларын орнату, ғарыш кеңістігін жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға көптеген кері әсерін тигізіп, зақым келтіруде. Мысалы, ұшу үрдісінен кейін атмосфераның табиғи режимі бұзылады, зымыран жанармайының қалдықтары жер беті қабаттарын ластайды, қышқылды жаңбырдың жаууына себеп болады. Алайда, «Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының а үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.

1-тапсырма. Тақырыбы мен идеясын тап.
Тақырыбы:
Идеясы:​

Нуртилек2664467 Нуртилек2664467    2   16.04.2020 13:55    5

Ответы
Королева1986 Королева1986  28.08.2020 01:31

Тақырыбы: Байқоңыр ғарыш алаңы

Идеясы: Байқоңыр ғарыш алаңы туралы мәліметтер

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi