Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдар туған-туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі. Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.

Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.

Ә) Мәтін бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ жазыңыз.

Жауап:

А)

Ә)​

Kurakluk Kurakluk    1   16.03.2021 13:52    1

Ответы
ВыберитеНик976476 ВыберитеНик976476  15.04.2021 13:53

Көрісу мерекесінің маңызы?

Салт дәстүрлердің түрлері?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi