Батыр көжек мазмұндама жаз. Батыр көжек
Бір мезет оның жолынан шалшық кездесе кетті.Бұл жерде бұрын су жоқ болатын.Көжек жиектен су түбіне үңіліп еді.О,сұмдық-ай,түпсіз тұңғиық.Құдды аспан сияқты екен,түбінде бұлттар жүзіп жүр.
Ол өстіп отырғанда нақ төбесінен қанаты далбаңдаған бір ала қарға оқыстан «қарқ-қарқ» деп өте шықты.Сұр көжек қорыққанынан суға қалай секіріп кеткенін де сезбей қалды.Міне,ғажап!Су оны батырып жібермек түгіл,бауырынан да келмейді екен.Шалшықты шалпылдата кешіп өтті де,қалыңшилерге қарай секеңдей жөнелді.Құлағы селтеңдеп,жолының болғанына көңілденіп бара жатты.

karma228cska karma228cska    3   04.02.2021 13:03    18

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi