«Батыр Баян» - қазақ поэзиясының асыл қазынасы, халық мұрасы» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Эссе жазуда поэманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдаңыз (40-50 сөз).

Apple8066 Apple8066    2   04.03.2021 10:53    10

Ответы
Aliiev19 Aliiev19  03.04.2021 10:54

Мағжан Жұмабайдың "Батыр Баян" поэмасы бұрынғы халық батырлық дастан-жырлардың жалғасы, эпостық дастанның ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының тілімен жазылған жаңа нұсқасы десек болады. Лирик ақын Мағжан Жұмабай бұл поэмасында өзінің тағдыры Батыр Баян тағдырымен ұқсас екенін түрлі-түрі теңеу, метафоралар арқылы жеткізіп, бір жағынан поэзиялық, екінші жағынан дастандық сипаты бар шығарма жазды.

Сондықтан "Батыр Баян" поэмасын жан-жақты талдауға болады. Бұл жерде біз поэманы ұлттық құндылық, оның арғы жағында жатқан отаншылық рух тұрғысынан талдағымыз келеді.

Ең алдымен, Батыр Баян – бұл қазақ батырларының ішінде белді, шоқтығы биік батыр. Мұны Мағжан поэманың алғашқы тармақтарында-ақ білдіреді. Ордаға жиналған ығай мен сығай, Абылай ханның төрт құбыласын түгендеген батырлары бір Батыр Баянды күтіп, жорыққа аттанбай отырғаны-ақ – батыр кейіпкердің Абылай ханның алдында қандай абыройлы жан екенін ұғамыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi