Барыс - биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Ұсақ жануарлар мен кұстардан басқа, кейде арқар, таутекелерге де шабуыл жасауы мүмкін. Барыстың дене тұркы 120-150 см-ге, құйрығының ұзындығы 90 см-ге дейін жетеді, салмағы 23-43 кг-ға дейін тартады. Бір қызығы - осындай ірі тұлғалы жыртқыш адамға шабуыл жасамайды. Мысықша мияулап, қатты үн шығара, құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ.Таудағы барыстың тұрақты жатағы болмайды. Күшіктерінің саны 1-ден 5-ке дейін жетеді. Барыстың саны күрт азайып кетуі себепті корғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
Тапсырма: сұрақтарға жауап жаз / /.
1.Барыс қандай аң?
2.Барыстың адамға келтірер зияны бар ма?
3.Ол азығын қалай табады?
Тапсырма: сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жаз / /.
Барыс Тибет өңірлерін...( -да, -де, -те) мекендейді. Ол таутекелер...(-ға, -ге, -қа, -ке) шабуыл жасайды. Барыс...(-ның, -тің, -тың) тұрақты жатағы болмайды.
Тапсырма: 3-тапсырма 63-бет бойынша дұрыс жауапты белгіле / /.
1.Бүркіт қандай сайыс өткізді:
А. «Қазақстан барысы» В. «Кім күшті?» С. «Кім тапқыр?»
2.Барысты жарысқа кім дайындады?
А. Әкесі В. Ағасы С. Атасы
3.Барыс қандай сайысқа қатысты?
А. Қазақша күреске В. Жүгіру сайысына С. Дзюдоға
4.Сайыста кімдер төреші болды?
А. Борсық, қабан, түлкі В. Таутеке, қабан, бүркіт С. Бүркіт, қабан, түлкі