Банкет үстелі нін рәсімделуі. Мейрамхана қонақтарына қызмет көрсетудің деңгейі – бұл
мейрамхана қызметкерлері іс-әрекетінің бірінен соң бірі
жасалуы, қонақтардың мейрамханаға кергенінен бастап
кеткеніне дейін. Ең бірінші мейрамханаға келушілердің көзіне
түсетіні – қызметкерлердің қарсы алуы. Қызмет көрсету –
табыстың басты көзі. Қонақтарға қызмет көрсетудегі даяшының
іс-әрекеті Даяшы қонақтың сол жағынан келіп, мәзір ұсынады.
Егер де үстел басында бірнеше адам отырса, мәзрін ең үлкеніне
беріледі.
Қонаққа майлықты жайып, даяшы үстелді сусындар мен
тағамдарды әкелуге дайындайды. Даяшы қонақтарға бірнеше
коктейлдер мен шараптарды ұсыну керек. Даяшы белгілі бір
тағамды ұсынғанда, сол тағам түрі туралы айтып, дайындалу
уақытын нақтылайды. Қонақтардың қалауына байланысты
шарап салқын немесе бөлме температурасында беріледі
Тапсырма.
1 Мәтінді оқып, 7-8 сұрақ құрастыру.
2 Кәсіпке байланысты сөздерді теріп, жазу, аудару.
3.Сонғы сөйлемге синтаксистік талдау жасау.